Ислам Чесноков келесі кездесуде негізгі құрамда шығуы ықтимал. «Хартс» бапкері жартылай қорғаушыға ерекше сенім артуда

Бүгін, 12:05

«Хартс» бас бапкері Дерек Макиннес Ислам Чесноковтың дайындығы мен құрамға кірігуі жайлы ойын айтты.

Ислам Чесноков келесі кездесуде негізгі құрамда шығуы ықтимал. «Хартс» бапкері жартылай қорғаушыға ерекше сенім артуда
Ислам Чесноков

Шотландиялық маманның пікірінше, қазақстандық жартылай қорғаушыға бейімделуге әлі де біраз уақыт керек.

«Жаттығуларды бақылап, байқағаным: бұл жігіттердің маусымдары қарашада аяқталып қойған. Футболдың динамикасы мен стилінің өзгеруі өз алдына күрделі үдеріс. Футболшыны дайындықсыз шығару – тәуекел. Сондықтан, мен футболшыларға қатысты әділетті болуым керек», - деді Д. Макиннес «Edinburgh News» басылымына берген сұхбатында.

«Хартс» 11-ақпанда «Хиберниан» командасымен жолығады. Ислам Чесноковтың сол күні алаңға шығатын мүмкіндігі бар. Соңғы рет отандасымыз 18-қаңтарда Кубоктік кездесуде бой көрсетті – «Фалкиркке» қарсы матчта қослақы құрамнан шығып, командасына пенальти алып берді.    

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×