Ислам Чесноков «Крылья Советов» сапындағы алғашқы ойынында ең төменгі бағаға ие болды

Бүгін, 13:36

Қазақстандық вингер Ислам Чесноков Ресей Премьер лигасындағы дебюттік кездесуін өткізді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Ислам Чесноков «Крылья Советов» сапындағы алғашқы ойынында ең төменгі бағаға ие болды

Оның жаңа клубы — Cамаралық «Крылья Советов» — чемпионаттың бесінші турында сырт алаңда Тольяттидің «Акрон» командасын 3:0 есебімен тас-талқан етіп жеңді.

Чесноков кездесуді негізгі құрамда бастап, алаңда 57 минут өнер көрсетті. Ойынның 54-минутында Қазақстандық футболшы сары қағаз алып, көп ұзамай алмастырылды.

Жеңіске қарамастан, Flashscore порталы Чесноковтың ойынын жоғары бағаламады. Оған 5,8 балл берілді, бұл — «Крылья Советов» сапындағы футболшылар арасындағы ең төменгі көрсеткіш.  

Бұл жеңіс Самаралық клуб үшін 2026/27 маусымындағы алғашқы жеңіс болды. Бес турдың қорытындысы бойынша «Крылья Советов» еншісінде бес ұпай бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Aladop Youtube
×