Ислам Чесноков Ресейлік клубтың негізгі құрам ойыншысы ретінде қарастырылмайды

19.08.2026, 20:13

Ресей чемпионатының тактикалық сарапшысы Александр Дорский Ислам Чесноковтың Самаралық "Крылья Советов" сапындағы мүмкіндіктеріне баға берді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Ислам Чесноков Ресейлік клубтың негізгі құрам ойыншысы ретінде қарастырылмайды

Сарапшының пікірінше, қазіргі таңда Чесноков негізгі құрам ойыншысы емес, команданың жалпы құрамын нығайту үшін шақырылған.

Дорскийдің айтуынша, Чесноковтың өз позициясындағы негізгі бәсекелестері — Николай Рассказов, Иван Олейников, Денис Макаров және Мартин Крамарич. Оның негізгі құрамға ілігуі үшін командада бірқатар тактикалық өзгерістер болуы тиіс:

– Мартин Крамарич жалған тоғыздық рөліне ауысуы керек.

– Иван Олейников орталыққа жылжуы тиіс.

– Николай Рассказов қорғанысқа түсуі қажет.

Тек осындай жағдайда ғана Чесноковқа оң қанаттағы шабуылдан орын табылуы мүмкін. Алайда, қазіргі уақытта Самара клубы үшін орталық қорғаушы мен орталық шабуылшы позициялары анағұрлым маңызды болып отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Чесноковқа Ресейден "Акрон" клубы да қызығушылық танытқан болатын. Қазіргі уақытта оның Самара клубындағы басты мақсаты — бәсекелестікке төтеп беріп, негізгі құрамға ілігу.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Aladop Youtube
×