Ислам Чесноков РПЛ клубымен келіссөз жүргізуде

25.11.2025, 16:12

Ресейлік БАҚ-тың мәліметіне сенсек, Ислам Чесноков «Сочи» жейдесін киюге жақын.

Ислам Чесноков РПЛ клубымен келіссөз жүргізуде
Ислам Чесноков

Ресейлік клуб жартылай қорғаушымен келіссөздер жүргізуде және оның соңғы детальдары қалған ұқсайды. Бұл туралы Metaratings мәлімдеген болатын.

Айта кетейік, осыған дейін БАҚ-та Исламның шотландиялық «Хартспен» келісіп қойғаны жайлы ақпарат тараған. 26 жастағы футболшы жақын арада Шотландияға кетеді деп те жазылған болатын. Алайда, Қазақстан құрамасы мен «Тобылдың» жартылай қорғаушысы РПЛ-ді таңдаған көрінеді. Ислам Чесноков ҚПЛ-2025-те 25 матчта 9 гол мен 5 ассисттің авторы атанды. Нарықтық бағасы 1,20 млн еуро. Чесноков пен қостанайлық клубтың келісімшарты өткен айда аяқталған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 6
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×