Ислам Чесноков шетелдік клубқа неге ауыса алмағанын айтты

23.05.2025, 19:10

Қазақстан құрамасының және «Тобыл» клубының жартылай қорғаушысы Ислам Чесноков шетелдік клубпен жүргізгенін растады деп хабарлайды Aladop.kz сайты BorodAbata арнасына сілтеме жасап.

Ислам Чесноков шетелдік клубқа неге ауыса алмағанын айтты

— Жақында словакиялық ДАК клубы сізге қызығушылық танытып, ресми келіссөздер жүргізгені туралы ақпарат шықты. Бірақ баға жағынан келісе алмаған көрінеді. Бұл жағдайға қалай қарадыңыз? Келіссөздер барысына қызығушылық таныттыңыз ба? Клуб басшылығымен сөйлестіңіз бе, сізді жіберсін деп?
— Иә, ұсыныс болғанын білемін. Бірақ, шамасы, баға сәйкес келмеген. Иә, сөйлестім. Бірақ маған: «Биыл «Тобылға» көмектесу керек. Келесі жылы еурокубоктарға шығуға тырысамыз», — деп айтты.

Бұған дейін футболшының Шотландияның «Хартс» клубына ауысуы мүмкін екені туралы ақпарат тараған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×