Ислам Чесноков шотландиялық клубпен алдын-ала келісімшартқа отырған? Жартылай қорғаушы жазда клуб ауыстыруы мүмкін

20.04.2025, 13:08

Ислам Чесноков жақын арада Шотландия чемпионатына ауысуы ықтимал.

Ислам Чесноков шотландиялық клубпен алдын-ала келісімшартқа отырған? Жартылай қорғаушы жазда клуб ауыстыруы мүмкін
Ислам Чесноков

«Edinburgh News» мәліметіне сенсек, қостанайлық жартылай қорғаушы «Хартспен» алдын ала келісімшартқа отырып қойған. Трансферге қажетті құжаттардың да барлығы дайын көрінеді. 26 жасар футболшы осы жылдың қазанында «Тобылмен» келісімшарты аяқталған соң, шотландия чемпионатына ауысады делінген. 

Айта кетейік, Ислам Чесноков пен «Хартстың» келіссөздері қаңтардан басталған болатын, алайда іс орта жолда тоқтап қалған еді. Енді шотландиялық БАҚ-тың ақпаратына сай, қайта жанданып, аяқталуға жақын. 

Ислам Чесноков кеше премьер-лиганың 5-тур аясында «Ақтөбеге» қарсы кездесуде керемет гол салып, командасына жеңіс сыйлады. Былтыр жартылай қорғаушы 10 гол салып, ҚПЛ-дің үздік шабуылшысы атанған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×