Ислам Чесноковқа тағы бір шетелдік клуб қызығушылық танытып отыр.
Meta-ratings.kz-ке сенсек, «Тобылдың» көшбасшысын өзінің қатарынан украинаның «Колосы» көргісі келеді екен. Айта кетейік, Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы мен қостанайлық команданың келісімшартының аяқталуына әлі бір жыл бар. Сондықтан, Исламның трансфері үшін қалтаны біраз қағуға тура келеді. Transfermarkt порталының дерегіне сәйкес, «Тобыл» футболшысының бағасы 800 мың еуро.
Өткен маусым И. Чесноков үшін аса табысты болды. Ойыншы «Тобыл» жейдесінде 10 гол салып, ҚПЛ-дегі үздік үш шабуылшының қатарынан көрінген еді. Естеріңізде болса, осыған дейін футболшыға Еуропадан бірнеше ұсыныс түскен болатын. Сондай-ақ, «Астана» клубының да үлкен қызығушылық танытып отырғаны белгілі.
Біздің серіктес: FONBET