Ислам Чесноков желтоқсан айының басында Ұлыбританияға жол тартады

19.11.2025, 16:25

Шотландияның "Хартс" клубы Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ислам Чесноковтың командаға ауысатынын тағы бір мәрте ресми түрде растады, деп хабарлайды Aladop.kz.

Ислам Чесноков желтоқсан айының басында Ұлыбританияға жол тартады

Клуб өкілдері трансфердің жаңа егжей-тегжейін ашып, ойыншының елге қашан келетінін де мәлімдегенін Heartsstandard.co.uk сайты жариялады.

Клубтың спорттық директоры Грэм Джонс:

"Біз Исламның желтоқсанның басында келуін асыға күтіп отырмыз. 14 қараша, жұма күні онымен сөйлестік — көңіл күйі өте жақсы, өзі бұл ауысуға қуанышты. Қазақстандағы ақпараттық дүрлігу бізге әсер етпейді. Біздің қолымызда алдын ала келісімшарт бар, ойыншы да келісімге разы. Ең басты мақсат — Исламның жаңа елге тез үйренуіне жағдай жасау. Қаңтардың басында толық дайын болып үлгеруі керек.” — деді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 9
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×