Ислам Чесноков: “Жеңіске жету үшін бар күш жігерімізді салуға дайынбыз, футболда бәрі мүмкін”

Бүгін, 16:55

"Тобыл" шабуылшысы Ислам Чесноков Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясындағы "Партизанға" қарсы қарымта матч алдында команданың дайындығы мен ішкі көңіл-күйі туралы ой бөлісті, деп хабарлайды Aladop.kz.

Ислам Чесноков: “Жеңіске жету үшін бар күш жігерімізді салуға дайынбыз, футболда бәрі мүмкін”

Оның айтуынша, қазіргідей қиын кезеңде жіберілген әрбір жеке қателік команда үшін өте қымбатқа түсіп жатыр.

Ойыншылардың қателіктеріне қарамастан, команда ішіндегі атмосфера қалыпты. Чесноков кез келген футболшының қателесуі мүмкін екенін және бұл жағдайды бәрі түсінетінін атап өтті. Ойыншылар бір-бірін қолдап, алдағы уақытта бәрі жақсы болатынына сенім білдіруде.

Ислам Чесноков алдағы маңызды ойында жеңіске жету үшін команданың мүмкіндігінше жоғары деңгейде өнер көрсетуі керектігін айтты.

Команда өздерінің ең мықты қасиеттерін 100 пайыз емес, 200 пайызға көрсетуі тиіс. Футболшылар сырт алаңдағы ойынның нәтижесіне көңілдері толмайды, өйткені есептің мұндай болмауы керек еді деп есептейді.

Чесноковтың айтуынша, команда ертеңгі матчта жанкүйерлерді қуанту үшін алаңда соңына дейін күресетін болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
×