“Тобыл” футболшысына не көрінді?
Соңғы рет Ислам “Тобылдың” 5 шілде күні өткен “Елімайға” қарсы ойынында жеңісті гол соқты. Содан бері 25 жастағы ойыншы 7 матч өткізіп, соның ешқайсысында нәтижелі әрекет жасай алмады. Бүгінгі ел құрамасының Уэльске қарсы сәтсіз кездесуі де соның есебіне кіріп отыр.
Айта кетейік, Чесноков осы қыста шотландиялық “Хартс” командасымен келісім шартқа отырады. Эдингбург ұжымы “Астана Аренадағы” бүгінгі кездесуге арнайылатып өзінің скауттерін жіберіпті. Олар Исламмен қоса, Ғалымжан Кенжебектің де ойынын тамашалауға келді.
Айтпақшы, Ислам ішкі чемпионаттың 17-турына дейін 7 голымен сұрмергендер тізімінде үздік үштікті түйіндеп тұрған еді. Футболшы тіпті маусым айының үздік ойыншысы атағына да лайықты деп танылды. Алайда жоғарыда аталған “Елімайға” қарсы кездесуден кейін футболшының көрсеткіші төмендеп кетті.