Ислам Чесноковтың ресейлік клубпен трансферінің мән-жайы белгілі

21.08.2024, 17:30

Грозныйдың «Ахмат» клубының бас бапкері Магомед Адиев Ислам Чесноковтың трансфері туралы айтты.

Ислам Чесноковтың ресейлік клубпен трансферінің мән-жайы белгілі
Ислам Чесноков "Тобыл" сапында

Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері  BorodAbata YouTube-арнасына берген сұқбатында «Тобылдың» жартылай қорғаушысының «Ахматқа» ауыспау себептерін түсіндіріп берді.

«Мен Исламмен хабарласқан жоқпын. Бірақ спорттық директорымен әңгіме болғаны рас. Чесноковтың кандидатурасын қарастырдық. Алайда, бүгінгі күні бұл трансферді жүзеге асыра алмаймыз, себебі легионерлердің орны толып қалған. Самородов бүгінгі күнге жасаған соңғы трансферіміз. Бізге қазір онсыз да бір легионерді құрамнан сырып тастауға тура келді», - деді Магомед Адиев. 

Естеріңізге сала кетейік, Чесноков биылғы маусымда «Тобылдың» сапында барлық турнирлерде 19 ойын өткізіп, 7 гол салып екі нәтижелі пас берген. 24-жасар футболшы «Алтай» клубының түлегі саналады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×