Отандық бапкер Болат Есағамбетов «Аладоп.кз» тілшісі Мұрат Мұқашұлына сұхбат беріп, Ислам Чесноковтың Шотландия чемпионатындағы дебюттік кездесуі жайлы пікірін айтты.
Еске салайық, қазақстандық жартылай қорғаушы Шотландия Кубогі аясында «Фалкирк» командасына қарсы матчта пенальти әкеліп, «Хартс» гол салған болатын.
«Бірден шығып пенальти алып берді. Командасын құтқарды деуге де болады. «Хартс» ұтылып қалды. Сонда да, Ислам үшін сәтті дебют екені анық. Бара салып жаттықты, тырысқаны көрініп тұр. Алғашы екі матчқа қатыспады, оның да өз себебі бар – командасында екі ойыншы алаңнан қуылған еді. Сол үшін бапкері тәуекелге барғысы келмеген болар. Ал Кубоктік кездесуде мүмкіндік болды, сосын Чесноковты шығарды. Меніңше, ол өзін жақсы қырынан көрсетті. Енді жаттықтырушылары осылай-осылай негізгі құрамға жақындата беретін шығар, басында осылай қосалқы құрамнан қосыла берсе де жаман емес. Ары қарай бәрі жақсы болады», - деді Б. Есмағамбетов.
Ислам Чесноков «Хартс» сапында 2028-жылға дейін өнер көрсетеді. Футболшы мен шотландиялық клуб арасындағы келісімшарт осынша уақытқа жасалған.