Семейлік «Елімай» ресейлік легионер Ислам Машуковпен қош айтысты. Шабуылшы енді өз мансабын Өзбекстанның «Андижан» клубында жалғастырады.
Бүгін өзбекстандық команда өз әлеуметтік желісінде Ислам Машуковпен келісім-шартқа қол қойылғанын жариялады. Ресейлік сұрмерген былтыр «Елімай» жидесінде 12 ойын өткізіп, екі гол соққан. Жалпы 11 мәрте алаңға негізгі құрамда шығып, Андрей Карповичтің көп сенім артқан шабуылшыларының бірі болды. Бірақ, Ислам бапкердің сенімін ақтай алмаған секілді. Семейліктер келісім-шартын созбай, еркін агент ретінде «Андижанға» жіберіп отыр.
Біздің серіктес: FONBET