Исламбек Қуат
Исламбек Қуат Солтүстік Македониядан кейін құрамадағы мансабын аяқтауды жоспарлаған.
Бұл туралы журналист Эльдар Аманбаев мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, Скопьедегі кездесуден кейін «Жеңістің» жартылай қорғаушысы Қазақстан құрамасындағы мансабына нүкте қоймақшы болыпты.
Бірінші таймнан кейін Исламбек Қуат киім ауыстыру бөлмесінде осы туралы айтқан көрінеді. Алайда, командаластары 32 жастағы футболшыға қолдау көрсетіп, райынан қайтуын сұраған көрінеді. Сөйтіп, Исламбек Қуат ары қарай да Қазақстан үшін өнер көрсете беруді ұйғарыпты.