«Астана» Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуатпен келісім-шартты ұзартқанын мәлімдеді. Соған сәйкеc, 28 жастағы футболшы алдағы үш жыл бойы елордалық клубта өнер көрсететін болады.
Исламбек Қуат «Астанаға» өткен маусымның басында «Химкиден» ауысып келген болатын. Содан бері Премьер-лигада 23 матч өткізіп, бір гол соқты және үш мәрте әріптестерінің көзге түсуіне мүмкіндік жасады.
Одан бөлек, Қуат биыл Қазақстан құрамасына тұрақты түрде шақыртылып тұрды және әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде 6 матчқа қатысты.
Біздің серіктес: FONBET