Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, «Астананың» жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат клубтың жастар құрамасына жіберілді.
Шешімді «Астананың» бас бапкері Срджан Благоевич қабылдады. Оған себеп – Жереми Манзорромен болған жанжал. Бұл ретте француз футболшысы жазаланбаған екен, бұл басқа ойыншылардың наразылығын тудырды.
Айта кетейік, Исламбек Қуат соңғы матчтарда қосалқы құрамда қалып, екінші таймда алаңға шығып жүрген еді.