Исламбек Қуат: «Мен ұлттық құрамада әрдайым барымды салып ойнаймын»

05.09.2020, 18:25
Қуат 82-минутта алаңға шығып, 86-минутта гол соқты.
Исламбек Қуат: «Мен ұлттық құрамада әрдайым барымды салып ойнаймын»

Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат УЕФА Ұлттар лигасының Литваға қарсы ойыны (2:0) туралы пікір білдірді:

- Біріншіден, мен бәрін жеңісімен құттықтағым келеді. Мені ұлттық құрамаға шақырып, маған сенгені үшін бас бапкерге рахмет! Екі ай бойы ештеңе жасамадым, клубсыз жүрдім. Мен әрдайым ұлттық құрамада барымды салып ойнаймын. Маған сенім білдірген команда мен жаттықтырушыға үлкен рахмет! Менің ойымша, ойын тең дәрежеде өтті. Бірінші таймда біз сәл жақсырақ болдық, ал екінші таймда олардың мүмкіндігі болды, бірақ біз жеңдік - 2:0. Енді біз үйге қайтамыз, қалыпқа келіп, Беларуссияға қарсы ойнау үшін матчқа дайындаламыз. Барлық жанкүйерлерді жеңіспен құттықтаймын!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×