Исламғали Қозбақов командасы құрамын испан тілді легионерлермен толықтырмақ

27.12.2025, 11:20

Қызылордалық "Қайсар" футбол клубы алдағы маусымға дайындық барысында құрамды күшейту жұмыстарын белсенді жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Aladop.kz.

Исламғали Қозбақов командасы құрамын испан тілді легионерлермен толықтырмақ

Дереккөздердің мәліметінше клуб басшылығы биылғы маусымда негізгі екпінді испан тілді ойыншыларға салуды көздеп отырған сияқты.

Жақында “Қасқырлар” сапына Чилилік жартылай қорғаушы Томас Джонс келіп қосылған болатын. Келісімшартқа ресми түрде қол қойылды. Алайда, клуб мұнымен тоқтап қалмақ емес. Мәліметтерге сүйенсек, жақын арада команда құрамына испан тілінде сөйлейтін тағы үш-төрт футболшы қосылуы мүмкін.

Жаңа үміткерлер Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өтетін екінші оқу-жаттығу жиынында қаралымнан өтеді. Бас бапкер мен клуб басшылығы легионерлердің дайындығы мен шеберлігін тікелей алаңда тексеріп, соңғы шешімді сол жақта қабылдайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 9
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×