Исламхан: «Мен Қазақстанға оралу нұсқасын қарастырмаймын»

09.07.2020, 16:36
Қазақстан Ұлттық құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан YouTube каналына берген сұхбатында болашаққа жоспарлары туралы айтты
Исламхан: «Мен Қазақстанға оралу нұсқасын қарастырмаймын»

- Футбол агентінің болуы қаншалықты маңызды?

- Егер сіз Қазақстанда ойнайтын болсаңыз, онда сіз агентсіз-ақ ойнай аласыз. Бірақ егер ойыншы басқа елге барғысы келсе, онда агент керек болады. Ол келісімшарттарды қарастырады, көптеген заңды нюанстар бар.

- Сіздің жақында ғана келісімшартыңыз аяқталды. Болашақта қандай жоспарлар бар?

- Мен "Аль-Айн" үшін 10 ойын ойнадым, содан кейін карантин басталды. Содан кейін Қазақстанға оралдым, бұл жерде де бір жарым ай бойы карантин болды. Қазір менің клубпен келісім-шартым аяқталды, иә. Біз сөйлесеміз, менде қандай нұсқалар бар екенін қарастырамыз. Жақында сіз менің қайда баратынымды білетін боласыз.

- Сіз Қазақстанға оралу нұсқасын қарастырып жатқан жоқсыз ба?

- Жоқ. Жақында ғана кеттім ғой.

- Қай елдің чемпионатында ойнағыңыз келеді?

- Испания чемпионатында ойнау туралы арманым бар еді. Ол жерде керемет футбол ойнайды, менің кумирім - Иньеста ойнады. Кім біледі, мүмкін ол жаққа да барып қалармын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×