Исландиялық шабуылшы мансабын Қазақстанда жалғастыруы мүмкін

11.03.2021, 03:28
Осы жылдың басында футболшы ресейлік клубта қаралымда болған
Исландиялық шабуылшы мансабын Қазақстанда жалғастыруы мүмкін

26 жастағы исландиялық шабуылшы Арни Вильхамссон қазақстандық клубтардың біріне ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Ua.tribuna.com сайты.

Шабуылшы 2021 жылдың басында "Крылья Советов" клубында қаралымда болған, бірақ келісім-шарт жасасқан жоқ. "Дr.Football" радио шоуының сарапшысы Оли Сигурссон шабуылшы исландиялық "Брейдабликке" немесе қазақстандық клубқа ауысуы мүмкін екенін айтты.

Вильхамссон өзінің мансабын "Брейдабликте" бастады, ол аталған клубта 97 кездесу өткізіп, 39 гол соқты, 1 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×