Бұл күні футзалдан Қазақстан құрамасы ойыншысы Біржан Оразов Әлем чемпионаты тарихына кірген еді.
Осыдан бір жыл бұрын Біржан Оразов Әлем чемпионатының алғашқы матчында Испанияның қақпасында 6-секундта есеп ашып, мундиаль тарихындағы ең жылдам гол авторы атанды.
Біржанға дейін бұл көрсеткіш Хави Родригеске тиесілі болған. Ол матч басталған сәттен 11 секунд өтісімен қарсылас қақпашысын қапы қалдырған еді.
Аталған ойын 1:1 есебімен аяқталды. Испандықтар Хесус Гордильоның көмегімен 17-минутта есепті теңестірді.
Өзбекстанда болған футзалдан Әлем чемпионатында ел құрамасы 1/4 финалға дейін барды. Онда Аргентина құрамасы 1:6 есебімен біздің жігіттерден толығымен басым түсті.