Испандық «Барселона» қысқы трансферде неміс қорғаушысын сатып алмақ

Еуропа футболында қысқы трансферлік ауысым жақындады. Соңғы айда сүреңсіз өнер көрсеткен Испанияның «Барселона» командасы Германия бундеслигасынан қорғаушы сатып алуға бел буып отыр. Бұл ақпаратты әйгілі "Marca" газеті жариялаған. 

Испандық «Барселона» қысқы трансферде неміс қорғаушысын сатып алмақ

Каталондықтардың бас бапкері Ханс-Дитер Флик клубтың қазіргі қорғаушыларына көңілі толмайды. Ла лига біріншілігінде «Леганес» пен «Атлетико» Мадридке есе жібергеннен кейін неміс маманы Жоан Лапортадан шұғыл қорғаныс шебін күшейтуді сұраған. Басты кандидат «Байер» клубының орталық қорғаушысы Джонатан Та. Каталондық команда басшылығы футболшымен келісімге келіп, леверкузендік командаға төлейтін компенсациясын есептеп қойған. Барселона бұл трансферді алдағы жылдың қаңтар айында жауып, Та «блаугрананың» жейдесін киеді деп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×