Испания соты Карло Анчелоттиді бас бостандығынан айырды

09.07.2025, 20:50

Бразилия ұлттық құрамасының бас бапкері Карло Анчелотти Испанияда салықтан жалтарғаны үшін 1 жыл бас бостандығынан айырылды.

 

Испания соты Карло Анчелоттиді бас бостандығынан айырды

Соттың шешіміне сәйкес, Анчелотти 2014 жылы мадридтік “Реал” клубының бас бапкері болып тұрған кезінде өзінің бейнесін жарнамада қолданудан түскен табыстан салық төлемеген.

Reuters агенттігінің мәліметінше, Испанияда зорлық-зомбылықпен байланысты емес істер бойынша екі жылға дейін бас бостандығынан айырылған азаматтар, әдетте, нақты түрмеге отырмайды. Сондықтан Анчелотти де жазасын шартты түрде өтеуі мүмкін.

Бастапқыда прокуратура Анчелоттиге 4 жыл 9 ай түрме жазасын және 3,2 миллион еуро көлемінде айыппұл тағайындауды талап еткен. Алайда сот тергеу барысында оның қылмысты мойындап, тергеуге көмектескенін және қарыздың бір бөлігін төлегенін ескеріп, үкімді жұмсартты.

Айта кетейік, 2025 жылдан бастап Карло Анчелотти Бразилия құрамасының бас бапкері қызметін атқарып келеді. Ол — әлемдегі ең атақты және табысты жаттықтырушылардың бірі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×