"ПСЖ" ойыншысы Фабиан Руис футбол тарихына кірді.
Кеше Фабиан Испания командасымен бірге Әлем чемпионаты іріктеуінде Грузияны тас талқан етті (4:0). Сол арқылы мундиальға тікелей жолдама алды.
Айтпақшы, Руис кешегі ойыннан кейін құрама сапында қатарынан 40 ойында жеңілмеген тарихтағы 3 футболшы атанды.
57 Карлос Марчена (Испания), 2003 пен 2010 жылдар
49 Гарринча (Бразилия), 1955 пен 1966 жылдар
40 Фабиан Руис (Испания), 2019 жылдан
39 Зинедин Зидан (Франция), 1997 мен 2001 жылдар
Одан тағысы, Оскар де ла Фуенте командасы ресми кездесулерде 30 ойын қатарынан жеңілмей келеді.
Келесі ойынын фурия роха 19 қараша күні Әлем чемпионаты іріктеуі аясында Түркияға қарсы өткізеді. Матчты қазақстандық жанкүйерлер елорда уақытымен сағат 00:45-те тамашалай алады.