“Жеңіс” командасының бұрыңғы шабуылшысы, Испаниялық Мигель Анхель Хунко Мартинес Алматылық клубқа маңызды кеңес берді.
“Қайрат” ойыншыларына қалай ойнау керегін нақты айту қиын. Мен жаттықтырушы емеспін. Бірақ ойыншы ретінде айтарым: ең бастысы — ойыннан ләззат алу. Өйткені Чемпиондар лигасында, соның ішінде “Реал Мадридке” қарсы ойнау мүмкіндігі үнемі бола бермейді. Сол сәтті бағалап, әдеттегідей ойнау керек. Бар күшін салып, жаттықтырушының нұсқауларын орындау маңызды”, — деді Испаниялық футболшы ASnews.kz порталына берген сұхбатында.
Хунко Мартинестің ойынша, “Кайрат” үшін бұл матч тек жеңіс үшін емес, футболшы ретінде тәжірибе жинап, ұмытылмас сәттерді сезіну мүмкіндігі. Сол себепті ойыншыларға қысымнан гөрі, сәттен ләззат алу маңызды.