Испания чемпионатының желтоқсан айындағы үздік ойыншысы анықталды

10.01.2021, 00:50
Аспас желтоқсан айында соғылған 11 голдың сегізіне өз үлесін қосты.
Испания чемпионатының желтоқсан айындағы үздік ойыншысы анықталды

Яго Аспас Ла Лиганың желтоқсан айындағы үздік ойыншысы атанды.

"Сельта" клубы желтоқсан айында бес ойын өткізіп жеңіліс таппады. Төрт матчта жеңіс тойын тойласа, бір матчты тең аяқтады. Ал команда шабуылшысы Аспас бес ойында төрт гол соғып, төрт нәтижелі пас берді. Және үздік сұрмергендер тізімінде тоғыз гол салып бірінші орынға шықты.

Яго Аспас дауыс беру барысында Лионель Месси, Карим Бензема, Марио Эрмосо, Жюль Кунде, Херард Морено және Хавьер Онтиверосты артқа тастады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×