Испания мен Англия. Қайта жалғасқан лигадан не күтеміз?

10.06.2020, 22:23
Тезірек басталса екен.
Испания мен Англия. Қайта жалғасқан лигадан не күтеміз?

Испания чемпионатының ойындары бір минут үнсіздікпен басталады. Футболшылар осылайша коронавирустан мерт болғандарды аза тұтпақ. Еске алу рәсімі барлық чемпионаттарда орын алатынға саяды. Испания біріншілігі инфекцияның таралу қаупіне байланысты тоқтатылған еді. Жарыс 11 маусым күні «Севилья» мен «Бетис» арасындағы ойынмен қайта жалғасады. «Марка» газетінің жазуы бойынша трибуналарға виртуалды жанкүйерлер қойылып, матч атмосферасы қолдан жасалынады. Трибунаға жанкүйерлер кірмейтіндіктен ұйымдастырушылар 3д анимацияның көмегіне жүгінеді. Сонымен қатар аудио эфектілер қолданылып, ойындар тура толы трибуналармен өткендей әсер қалдырады. Ал телекөрермендерге таза дыбыспен және жасанды аудиомен екі түрлі нұсқа ұсынылады.

Ағылшын премьер-лигасы матч күнтізбесін қайта құрды. Алдағы турлар қай күндері өтетіні де белгілі болды. Командалар бір ойын барысында 5 ойыншыны алмастыра алады. «Ливерпуль» командасы жанкүйерлердің чемпиондықты тойлауына қарамастан ойындарын өз стадионында ойнайтын болды. Алғашқы матчтар 17 маусым күні 28 тур аясындағы «Манчестер Сити» - «Арсенал» және «Астон Вилла» - «Шэфилд Юнайтед» кездесулерімен басталады.

Сонымен бірге, 30, 31, 32 тур ойындарының да өтетін күндері белгілі болды. Ойындарды тездетіп өткізу мақсатында Премьер-лига басшылығы 19-маусымнан 2 шілде күніне дейін қаз-қатар тізбек жасады. Яғни күн сайын кем дегенде бір матч ойналады. Мысалы 19 маусым күні «Тоттенхэм» өз алаңында «Манчестер Юнайтедті» қабылдаса, 21 маусым күні «Эвертон» мен «Ливерпуль» мерсисай дербиін өткізеді. 2  шілде күні болашақ чемпион негізгі бәсекелесі болған — «Ман Ситимен» ойнайды.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×