Испания құрамасынан басым түскен Франция Ұлттар Лигасын жеңіп алды

11.10.2021, 08:00
Франция халықаралық требл жасаған алғашқы ұлттық құрама команда атанды.
Испания құрамасынан басым түскен Франция Ұлттар Лигасын жеңіп алды

Франция УЕФА Ұлттар Лигасының финалында Испанияны жеңді. Матч Миландағы (Италия) "Джузеппе Меацца" стадионында өтіп, 2:1 есебімен аяқталды.

64-минутта Испания шабуылшысы Микель Оярсабаль есеп ашты. Екі минуттан кейін Килиан Мбаппенің пасынан кейін Карим Бензема допты тоғыздыққа топ еткізді. 81-минутта Мбаппе өз командасын алға шығарды. Гол офсайдқа байланысты есептелмеуі мүмкін еді, бірақ төрешілер бұл голдың ережеге сай соғылғанын көрсетті.

Турнирдің жартылай финалында Испания құрамасы Италия құрамасын жеңді (2:1), ал Франция Бельгиямен болған матчта (3:2) камбэк жасаған еді.

Франция Ұлттар Лигасының тарихтағы екінші жеңімпазы болды. Алғашқы кубокті Португалия құрамасы жеңіп алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×