Испания құрамасының бұрынғы футболшысы «Ақсуды» жаттықтыруы мүмкін

08.12.2021, 04:50
Испаниялық футболшы кезінде «Ливерпуль», «Манчестер Сити» клубтарында доп тепкен.
Испания құрамасының бұрынғы футболшысы «Ақсуды» жаттықтыруы мүмкін

Испания құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Альберт Риера Премьер-лиганың дебютанты «Ақсумен» келіссөздер жүргізуде, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Альберт Риера футболшы ретінде «Мальорка», «Бордо», «Манчестер Сити», «Ливерпуль», «Галатасарай» секілді клубтардың намысын қорғаған.

Испания құрамасымен бірге Конфедерация кубогінде қола жүлдеге ие болды. Ол бапкерлік мансабын былтыр «Галатасарайда» бас бапкердің көмекшісі ретінде бастаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×