Испания Словакия құрамасын ірі есеппен жеңді

24.06.2021, 05:09
Бұл ойында екі автогол соғылды.
Испания Словакия құрамасын ірі есеппен жеңді

Словакия мен Испания құрамалары Еуропа чемпионатының топтық кезеңінің 3-туры аясырда плэй-офф жолдамасын сарапқа салды. Кездесу Севильядағы "Олимпико де Севилья" стадионында өтіп, 5:0 есебімен "қызыл фурия" жеңіске жетті.

Бірінші таймда номиналды испаниялықтар екі гол соғып алды: 30-минутта Словакия қақпашысы Мартин Дубравка автогол авторы атанды, ал тайм соңында қорғаушы Эмерик Ляпорт есепті еселеді. 56-минутта Пабло Сарабия есепті 3:0-ге жеткізді. 67-минутта испаниялық шабуылшы Ферран Торрес алаңға шыға сала өкшесімен әдемі гол соқты. 71-минутта Словакия құрамасының жартылай қорғаушысы Юрай Куцка өз қақпасына гол соғып алды - есеп 5:0. "Барселонаның" жартылай қорғаушысы Серхио Бускетс осы матчтың үздік ойыншысы атанды.

Осылайша, Испания Еуропа чемпионатының 1/8 финалына екінші орынмен шықты, ал Словакия құрамасы турнирмен қош айтысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×