Мадридтік "Фуенлабрада" клубында қаралымда болған "Екібастұз" қорғаушысы Павел Баркунов Қазақстанға қайта оралды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Қорғаныста ғана емес, шабуылда да, алаң ортасында да ойнай алатын Баркунов мадридтік клубтың көңілінен шыққан екен.
Қазір 22 жастағы футболшымен келіссөздер жүргізілуде. Жақын арада Баркунов "Фуенлабрада" клубымен толыққанды келісім-шартқа отыруы мүмкін.
Павел "Екібастұзға" ауыспас бұрын павлодарлық "Ертісте", сондай-ақ осы клубтың жастар командасында ойнаған.
Біздің серіктес: FONBET