Испаниялық шабуылшы «Таразға» ауыспайтын болды

21.04.2021, 22:42
Шабуылшыны румыниялық команда жібермей отыр
Испаниялық шабуылшы «Таразға» ауыспайтын болды

Румыниялық "Волунтари" командасының 27 жастағы испаниялық шабуылшысы Хефте Бетанкор Санчес "Тараз" сапына ауыспайтын болды, деп хабарлайды инсайдер Айдын Қожахмет өзінің телеграм-арнасында. 

Футболшыны румыниялық клуб жібермей отырған көрінеді. Ал жамбылдық команда бұл позицияға басқа ойыншыларды қарастыруда. Тізімде ямайкалық және сербиялық шабуылшылар бар. Дегенмен, "Тараз" жаңа шабуылшы алуды жазға дейін қалдырып, басқа позициясын күшейтуі де мүмкін. 

Еске салайық, "Тараз" алты турдың қорытыныдысы бойынша турнир кестесінде "Астанадан" кейін екінші орында келе жатыр. Команда келесі ойынды 23 сәуір күні сырт алаңда "Каспийге" қарсы өткізеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×