Италия басылымы “Қайраттың” “Интерге” қарсы ойынын жоғары бағалады

06.11.2025, 15:00

Италиялық La Gazzetta dello Sport газеті "Интер" – "Қайрат" кездесуінен кейін Алматылық команданың өнеріне жоғары баға берді. 

Италия басылымы “Қайраттың” “Интерге” қарсы ойынын жоғары бағалады

Журналистердің айтуынша, Миландықтардың 2:1 есебімен жеңіске жетуі оңай болған жоқ.

Италиялық басылым мақаласын былай деп бастады:

"Қазақ тілінде “Қайрат” сөзі “күш” немесе “ерлік” дегенді білдіреді. Уразбахтиннің командасы дәл осы қасиеттерді көрсетті.” — деп жазады La Gazzetta dello Sport.

Және басылым Анарбеков қорғаған қақпаны бұзу оңай болған жо деп атап өтті.

Италиялық журналистер ерекше назарды 2008 жылы туған Дастан Сәтпаевқа аударды.

"Ең қауіпті шабуылды алаңдағы ең жас ойыншы – Дастан Сәтпаев жасады. Ол допты іліп алып, орталыққа ойысып, тамаша соққы жасады — доп қақпа тірегіне тиіп қайтты. “Челси” оның әлеуетін ерте байқап, келесі жазда Лондонға алып кету үшін шамамен 2,5 млн еуро төлегені бекер емес.” — деп қосты LGDS.

Газет Лаутаро Мартинестің ойын деңгейін де тоқталды:

"Апта басында бапкер оған “көбірек күлімде” деп кеңес берген еді. Бірақ сол хабарлама WhatsApp-та оқылмай қалған сияқты. Лаутаро тағы да салқынқанды әрі қатыгез болды. Оның голды атап өтуі де ашу мен күресті білдіргендей болды."

Басылым Офри Арадты да ұмытпады:

"Матч алдында Арад әзілдеп: егер “Қайрат” Сан-Сирода жеңсе, Алматыға 75 сағат автобуспен қайтамын деген еді. Енді ол бұл сапардан құтылғандай болды." — деп жазды.

"Киву жарақаттан кейін алғаш рет Тюрамды алаңға шығарды, матчты аяқтап берер деген үмітпен. Бірақ Қазақстандықтар соңына дейін қауіп төндіріп отырды. Тек төреші Луиш Годиньюдің соңғы ысқырығы “Интерге” жеңілдік сезімін сыйлады. Ойын қауіпті сценариймен өрбіді, бірақ жеңіс бәрібір Миланда қалды. Ең бастысы — “Интер” Чемпиондар лигасындағы жеңісті сериясын сақтап қалды.” — деп түйіндейді басылым.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 13
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×