Италияның бапкерлер одағы УЕФА мен ФИФА-ға ресми хат жолдап, Израиль құрамасын халықаралық жарыстардан толықтай аластатуды сұрады.
Негізгі себептері:
– Күн сайын бейбіт тұрғындардың қаза тауып жатқанын атап өтті.
– Қаза тапқандардың ішінде футболшылар мен бапкерлер де бар екенін ерекше көрсетті.
Бұл талап спорт шеңберінен асып, саяси сипатқа ие үлкен дауға айналуда. Қазіргі сәтте УЕФА мен ФИФА қандай шешім қабылдайтыны белгісіз.