Темірлан Анарбеков
А Сериясының танымал скауты Алекс Великих «Интер» - «Қайрат» ойынынан кейін Темірлан Анарбековтің өнерін бағалады.
Футбол менеджерінің пікірінше, алматылық қақпашы Италия, Испания чемпионаттарында ойнап кете алады.
«Анарбековті Еуропада ала ма? Әрине, Нидерландыға болады, сондай-ақ, Испания мен Италия чемпионатының аутсайдерлерінде ойнай алады. Оны тәуекел етіп алып, артынан сол жақта ширатып алуға болатын еді», - деді А. Великих.
SofaScore порталы «Қайрат» сапында кеше Темірлан Анарбековті үздік деп таныған (7,9). 22 жастағы қақпашы Миландағы матчта 6 сейв жасады.