Италия чемпионатындағы ең көп жалақы алатын ойыншылардың тізімі жарияланды

11.10.2020, 22:07
Бұл тізімде Роналдудан бөлек, «Ювентустың» 4 ойыншысы бар.
Италия чемпионатындағы ең көп жалақы алатын ойыншылардың тізімі жарияланды

«Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду А сериясындағы ең көп жалақы алатын ойыншы, деп хабарлайды La Gazzetta dello Sport.

Португалиялық футболшы жылына 31 миллион еуро алады. Сондай-ақ, ең қымбат ойыншылардың ондығына «Ювентустың» қорғаушысы Маттиас де Лигт (8 миллион еуро), «Интер» шабуылшысы Ромелу Лукаку, «Рома» шабуылшысы Эдин Джеко, «Интер» жартылай қорғаушысы Кристиан Эриксен (үшеуі де 7,5 миллион еуро), "Ювентус" шабуылшысы Пауло Дибала (7,3 миллион еуро), «Милан» шабуылшысы Златан Ибрагимович, «Интер» жартылай қорғаушысы Алексис Санчес, «Ювентус» жартылай қорғаушылары Адриен Рабьо және Аарон Рэмси (барлығы 7 миллион ​​евро) кірді.

Роналду «Ювентусқа» 2018 жылдың жазында «Реалдан» ауысқан еді. Трансфер сомасы 117 миллион еуроны құрады. Ойыншының клубпен келісімшарты 2022 жылдың жазына дейін жасалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×