Италия мен Аргентина жаңа турнирде бақ сынамақ

23.03.2022, 03:54
Қос чемпион маусым айында жаңа кубокті сарапқа салады.
Италия мен Аргентина жаңа турнирде бақ сынамақ

Еуропалық футбол қауымдастықтарының одағы (УЕФА) өзінің ресми сайтында Италия мен Аргентина арасындағы матч жайлы ақпаратты жариялады.

Ойын 1 маусымда Англиядағы «Уэмбли» стадионында өтеді.

Бұған дейін УЕФА мен КОНМЕБОЛ 2028 жылдың 30 маусымына дейін жаңартылған және кеңейтілген өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған еді. Соған сәйкес, қос тарап Италия мен Аргентина арасында кездесу өткізу туралы шешім қабылдады. Алдағы жазда өтетін матч «Finalissima» деп аталады.

Еске салайық, өткен жазда Италия құрамасы Англия құрамасын (пенальти бойынша 1:1, 3:2) ұтып, Еуропа чемпионатының жеңімпазы атанған болатын. Аргентина құрамасы Бразилияны 1:0 есебімен жеңіп, Америка кубогін жеңіп алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×