Италия құрамасы өзінің ұлттық рекордын жаңартты

27.06.2021, 16:28
Кешегі жеңіс Манчини шәкірттеріне қос бірдей рекордты жаңартуға мүмкіндік берді.
Италия құрамасы өзінің ұлттық рекордын жаңартты

26 маусымда Италия құрамасы Еуропа Чемпионатының 1/8 финалында Австрия құрамасымен кездесті. Матч Лондондағы "Уэмбли" стадионында өтіп, 2:1 есебімен аяқталды.

Opta Paolo статистикалық порталы хабарлағандай, Италия өзінің ұлттық рекордын жаңарта отырып, қатарынан 12-ші жеңісіне қол жеткізді. Бұған дейінгі рекорд та (қатарынан 11 жеңіс) 2019 жылы Роберто Манчинидің басшылығымен орнатылған еді.

Сондай-ақ Роберто Манчинидің шәкірттері қатарынан 31 ойында ұтылмады. Кешегі жеңіс 1939 жылы Витторио Поццоның жетекшілігімен орнатылған рекордты жаңартуға мүмкіндік берді.

Естеріңізге сала кетейік, Италия - Австрия матчының негізгі екі таймында гол соғылмаған болатын. Тек экстра-таймның 95-минутында Федерико Кьеза есеп ашты. Ал он минуттан кейін Маттео Пессина есепті еселеді. Австрия да бұл ойыннан голсыз кетпеді. 114-минутта шабуылшы Саша Калайджич есеп айырмасын қысқартты.

Еуро-2020 турнирінің ширек финалына шыққан Италия құрамасы осы кезеңде Бельгия - Португалия жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×