Италия құрамасы үш бразилиялық ойыншыны қатарға қосқысы келеді

27.11.2021, 16:06
Үш футболшы да А сериясында жақсы ойынымен көзге түсті.
Италия құрамасы үш бразилиялық ойыншыны қатарға қосқысы келеді

Италия футбол федерациясы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің плей-офф матчтары қарсаңында елдің ұлттық құрамасына үш бразилиялық ойыншыны шақырғысы келеді.

«Федерация ұлттық құрамаға тартуға болатын барлық ойыншыларға қызығушылық танытып отыр. Біз үш ойыншыны қатарға қосу жұмыс істеп жатырмыз, әзірге бәрі ойдағыдай өтуде. Біз формальды мәселелерді шешеміз және бұл ойыншыларды шақыру немесе шақырмау бапкердің еркінде», - деп келтіреді Tuttomercatoweb Италия футбол федерациясының президенті Габриэле Гравинаның сөздерін.

Дереккөздің хабарлауынша, Италия 24 жастағы қорғаушы Луис Фелипе («Лацио»), 29 жастағы шабуылдаушы жартылай қорғаушы Жоао Педро («Кальяри») және 23 жастағы қорғаушы Рожер Ибаньеске («Рома») азаматтық алып бермекші.

Айта кетейік, Еуропа чемпиондарының құрамында қазірдің өзінде Эмерсон Палмери, Жоржиньо, Рафаэль Толои секілді бразилиялық футболшылар өнер көрсетуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×