Италиялық клубтарға жасыл жейдемен ойнауға тыйым салынбақ

16.07.2021, 05:14
Бұл ереже 2022/2023 жылғы маусымнан бастап күшіне енеді.
Италиялық клубтарға жасыл жейдемен ойнауға тыйым салынбақ

2022/2023 жылғы маусымнан бастап А сериясындағы командаларға жасыл түсті жейдемен ойнауға тыйым салынады, деп хабарлайды Football Italia.

Мұндай шектеуді енгізуге Италия чемпионатының ойындарын тарататын ірі телевизиялық корпорациялардың талабы себеп болған. Хабар таратушылар жасыл түсті формадағы футболшылар көгалдың түсімен сәйкес болғандықтан, бейнематериалдың сапасын нашарлатады деп алаңдайды.

А сериясының басшылығы клубтар бір жыл ішінде өз жейделерін жаңа талаптарға сай жасауы үшін бұл шешімді алдын-ала хабарлауды жоспарлап отыр.

Өткен маусымда А сериясының кейбір командалары жасыл жейдемен өнер көрсеткен еді. Мысал ретінде "Сассуоло" клубының негізгі формасын айтуға болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×