Италиямен өтетін ойынға екі ойыншымыз қатыспайды

26.01.2022, 20:35
УЕФА Ақбалықовты екі ойыннан шеттетті.
Италиямен өтетін ойынға екі ойыншымыз қатыспайды

УЕФА тәртіптік-бақылау комитетінің шешімімен Қазақстан құрамасының ойыншысы Альберт Ақбалықов Словениямен өткен кездесуде қызыл қағаз алғаны үшін екі ойынға шеттетілді. Шабуылшы Финляндиямен өткен ойынға қатысқан жоқ. Енді Италиямен өтетін кездесуде алаңға шыға алмайды.

Өкінішке қарай, шешуші ойында ұлттық құрамаға Шыңғыс Есенаманов та көмектесе алмайды. Ойыншының қайта тапсырған сынағы оң нәтиже көрсетті. Жарыс ережесіне сәйкес, ойыншы бір апта (31 қаңтарға дейін) каратинде болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×