Италияның 2020 жылғы үздік командасы белгілі болды

15.12.2020, 16:15
Команда биыл да Чемпиондар Лигасының плей-офф кезеңіне өтті.
Италияның 2020 жылғы үздік командасы белгілі болды

Италияның беделді La Gazzetta dello Sport басылымы өтіп жатқан 2020 жылдың қорытындысын шығарып, Италия чемпионатының үздік командасын анықтады.

La Gazzetta dello Sport нұсқасы бойынша, "Аталанта" 2019/2020 маусымда үшінші орынға ие болып, Италияның 2020 жылғы ең үздік командасы атанды. Чемпиондар лигасында Джан Пьеро Гасперинидің шәкірттері ширек финалға дейін жетіп, франциялық "Пари Сен-Жерменнен" жеңіліп қалды (1:2).

Италияның ең үздік командасын анықтаудан басқа, 2020 жылдың ең үздік бапкері де таңдалды, ол "Миланды" жаттықтыратын 55 жастағы Стефано Пиоли болды. Сол "Миланның" шабуылшысы Златан Ибрагимович "аңыз" номинациясына ие болды, ал "Лацио" клубының шабуылшысы Чиро Иммобиле "Жыл адамы" атағына ие болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×