Юрген Клопп Қазақстанмен байланысы туралы айтты

25.04.2025, 19:00

"Ливерпульдің” бұрынғы бапкері, қазіргі заманның ең атақты мамандарының бірі Юрген Клопп Қазақстанмен байланысын ашып айтты.

Юрген Клопп Қазақстанмен байланысы туралы айтты

Алматының “Қайрат” клубының техникалық директоры Евгений Красиков жариялаған суретте Неміс маманы Қазақ клубының жейдес ұстап тұр. Бұл кездесу “РБ Лейпциг” базасында өтіп жатқан жастар футболын дамыту жөніндегі конференцияда орын алған. Клопп Red Bull құрылымында футболды дамыту директоры ретінде осы шараға қатысуда.

“Клопп “Қайратқа” еурокубоктерде сәттілік тілеп, өзінің Қазақстанмен жеке байланысы бар екенін айтты. Оның ұлының жұбайының ата-анасы біздің елімізден шыққан. Сондай-ақ, оған сыйға тартылған 4-нөмірлі жейде де ол үшін ерекше мағынаға ие екенін жеткізді. Себебі ол “Майньц” клубында дәл осы нөмірмен ойнаған.” — деді Красиков Tengri Sport-қа берген сұхбатында.

Естеріңізге сала кетейік, “Ливерпульден” кеткеннен кейін Юрген Клопп бапкерлік мансабына үзіліс жасап, Red Bull-дың жаһандық футбол жобасын дамытуға күш салуда.

Айболат Өнер

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×