Юрген Клопп: “Манчестер Юнайтедтен” ұсыныс түскен, бірақ жобалары мені қызықтырмады.”

21.10.2025, 12:50

Атақты Неміс бапкері Юрген Клопп “Манчестер Юнайтедтен” алған ұсынысы жайлы ашық айтты. Оның айтуынша, бұл оқиға 2016 жылы болған, алайда Клопп “Юнайтедтің” даму бағыты мен жоспарларын ұнатпағандықтан, келісімнен бас тартқан.

Юрген Клопп: “Манчестер Юнайтедтен” ұсыныс түскен, бірақ жобалары мені қызықтырмады.”

Клопп Diary of a CEO подкастында былай деді:

“Ол кезде маған "Қалаған ойыншыңды аламыз. Мынаны да, ананы да, бәрін әкелеміз” – деді. Бірақ мен сол сәтте ойладым. "Бұл менің типімдегі жоба емес, кешіріңіздер”. Олардың көзқарасы қысқа мерзімді еді — жұлдыздарды қайтарып, атақ жинау. Бірақ бұл футболдың өзіне пайда әкелмейді.”

Бапкердің айтуынша, ол Пол Погбаны немесе Криштиану Роналдуды қайтару сияқты идеяларды қолдамаған, себебі бұл қадамдар клубтың ұзақ мерзімді даму жоспарына кедергі келтірер еді.

“Олардың мақсаты – үздік ойыншыларды жинау болды. Бірақ бұл футболдың өзін дамытпайды. Ал көп ұзамай таза футболдық идеяға негізделген жоба пайда болды — ол “Ливерпуль” еді”. – деді Клопп.

Осы шешім оның мансабындағы ең дұрыс таңдаулардың бірі болып шықты. “Ливерпульмен” Клопп кейін Премьер лига, Чемпиондар лигасы, Клубтық әлем чемпионаты және басқа да беделді турнирлерде жеңіске жетіп, клубты жаңа дәуірге көтерді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×