Юрген Клопп – Реал Мадрид бапкері болады деген сыбысқа нақты жауап берілді

19.04.2025, 17:00

Германиялық маманды "Мадридтік" клубты жаттықтырады дейтіндер көбеюде. Осы туралы Клопп әу деді.

Юрген Клопп – Реал Мадрид бапкері болады деген сыбысқа нақты жауап берілді

Клопп қазіргі уақытта “Ред Булл” компаниясындағы жаһандық футбол бойынша жетекші ретіндегі рөліне толықтай назар аударып отыр. Бұл оның “Энфилдтен” кеткеннен кейінгі алғашқы ресми қызметі, ол қаңтар айынан бастап осы рөлде жұмыс істеп келеді.

Соған қарамастан, соңғы бірнеше айда Клоппты футбол әлемі бірнеше клубпен байланыстыруда. “Реал Мадрид” оның жаңа бағыты болуы мүмкін деген қауесет тарады, өйткені Карло Анчелотти маусым соңында кетеді деген болжам бар. Журналистер Клопп тек екі команданың ұсынысын қабылдайтынын айтқан: бірі – “Реал Мадрид”, екіншісі – Бразилия ұлттық құрамасы.

Алайда оның агенті Марк Косичке бұл жайлы пікір білдіріп, Клопптың қазіргі таңда алаң жиегіне қайта оралуды жоспарламайтынын айтты. Германиядағы Sky арнасына берген сұхбатында ол:

“Юрген "Ред Булл” компаниясындағы жаһандық футбол жетекшісі жұмысына өте риза. Ол бұл жұмысқа толықтай берілген және көңілі толады” – деді.

Клопп та өзінің болашағына қатысты пікір айтып, бапкерлік мансабына қайта оралмайтынын Instagram парақшасында растады.

“Бірнеше ай бұрын мен бапкерлікке қайта оралмайтынымды айтқан болатынмын – бұл пікірім өзгерген жоқ. Бірақ мен әлі де футболды жақсы көремін, жұмыс істеуді ұнатамын және "Ред Булл” маған бұл үшін керемет мүмкіндік беріп отыр.” – деп жазды.

Айболат Өнер

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×