“Ювентус” 4:4 “Боруссия Дортмунд” 8 голдық рекорд қайталанды

17.09.2025, 15:30

Еуропаның ең беделді клубтық турнирі Чемпиондар лигасының тарихында ерекше сәттердің бірі орын алды. “Ювентус” пен “Боруссия Дортмунд” арасындағы матчда 8 гол тіркелді.

“Ювентус” 4:4 “Боруссия Дортмунд” 8 голдық рекорд қайталанды

Матч “Альянц Стэдиумда” өтті, ал алғашқы гол тек 52-минутта ғана соғылды. Осыдан кейін ойын қыза түсіп, екі команда да екінші таймда керемет шабуылдар жасап, әрқайсысы 4 голдан соқты. Нәтижесінде матч тең ойынмен аяқталса да, екінші таймдағы бұл қарқынды ойын футбол жанкүйерлерін таңғалдырды.

Бұл нәтиже 2024 жылы “Бавария” мен “Динамо Загребтің” рекордын қайталады. Сол командалар да екінші таймда 8 гол соғып, ерекше тарих қалдырған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×