“Ювентус” “Аталантаның” үш ойыншысына қызығып отыр

26.03.2024, 20:50

Туриндік ұжым Бергамо клубының үш жартылай қорғаушысын өз қатарына қоспақ ниетте, деп жазады Аладоп.кз.

“Ювентус” “Аталантаның” үш ойыншысына қызығып отыр

“Ювентус” Эдерсон, Марио Пашалич және Тен Копмейнерсті сатып алуды жоспарлап отыр. “Қарт кемпірлер” клубының ресми өкілдері бұл ойыншыларды 10 наурыз күні өткен матчта бақылаған екен.

“Юве” хорват Марио Пашаличтің агенттерімен байланыс орнатқан. Алайда туриндік ұжым ойыншыға нақты ұсыныс жасамаған. Пашаличтің “Аталантадағы” келісімшарты 2025 жылға дейін жарамды. Жартылай қорғаушының трансферлік құны 10-нан 15 млн еуроға дейін барады.

Эдерсонның Бергамодағы келісімі 2026 жылға дейін жоспарланған. Бразилиялыққа “Юведен” бөлек, “МЮ” пен “Атлетико” клубтары қызығуда. Футболшының трансферлік құны қазіргі сәтте 30 млн еуроны құрайды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0

Тегтер:

футбол
Серіктес жаңалықтары
×