Кеше түнде Игор Тудор командасы Сеск Фабрегастың "Комо" ұжымынан опық жеді.
Жалпы “Ювентустың” жеңіссіз сериясы “Боруссия” Дортмундпен Чемпиондар Лигасында 4:4 есебімен тең тарқасқан кездесуінен басталды. Содан бері зебралар “Верона” (1:1), “Аталанта” (1:1), “Вильярреал” (2:2), “Милан” (0:0) және “Комо” (2:0 жеңіліс) қарсы ойындарда көздеген нәтижесін тіркей алмады.
Қазіргі сәтте Турин ұжымы А Сериясы кестесінде 7-турда 12 ұпаймен турнир кестесінде 7 орында келеді. Команданың алдында “Комо” (12 ұпай) мен “Болонья” (13 ұпай) жайғасқан.
Айта кетейік, келесі кездесуін “Ювентус” 23 қазан күні Чемпиондар Лигасы аясында “Реалға” қарсы өткізбек. Итальяндық команда ойыншылар Сантьяго Бернабеуде қонақ ұжым ретінде өнер көрсетпек.