“Ювентус” пен “Наполи” Довбикті қатарына қосқысы келеді

Италияның қос ұжымы шабуылшы Артем Довбикке талас құратын болады. Алайда  “Жирона” клубы 26 жастағы өз ойыншысын сатуға асықпайды.

“Ювентус” пен “Наполи” Довбикті қатарына қосқысы келеді

Испандық команда Артемның келісімшартын ұзартуды жоспарлап отыр. Келер маусымда Чемпиондар Лигасында бақ сынасатын ұжымға украин ойыншысы керек. Сондықтанда каталондық клуб Довбикке келген әр ұсынысты кері қайтаруда екен. 

Украин шабуылшысының “Жиронадағы” келісімшарты 2028 жылға дейін жарамды. Қазірде Артем қоржынындағы 20 голымен Ла Лигадағы сұрмергендер көшінде көш бастап келеді. 

Трансфермаркет орталық шабуылшыны 30 млн еуроға бағалайды. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×