Футболдан Босния және Герцеговина ұлттық құрамасының бас бапкері Ивайло Петев 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасына қарсы өтетін матч туралы өз ойымен бөлісті.
- Жасанды төсеніш туралы не ойлайсыз? Бұл маңызды рөл атқара ма?
- Иә, мен бұл туралы айттым. Қазақстандықтар үшін бұл шамалы артықшылық болады, бірақ біз жаттығып келдік, жаттығуды бүгін де жалғастырамыз. Сондықтан, бәрі жақсы, біз жеңіске жетуді көздейміз.
- Ертеңгі матчқа қаншалықты дайынсыздар?
- Өз алаңымыздағы матчтан кейін талдау жүргізілді. Біз қателерді жөндедік. Ойыншылардың және менің көңіл-күйім жақсы, біз жеңгіміз келеді.
- Бірқатар ойыншылардың болмауы сіз үшін қиындық тудыра ма?
- Қазір осында жүрген ойыншылардың 200 пайызға беріліп ойнайтынына сенімдімін.
- Алғашқы кездесуден кейін қандай түзетулер енгіздіңіз?
- Біз бар назарымызды ертеңгі ойынға аударамыз. Біз қолымыздан келгеннің бәрін жасауға тырысамыз.
- Қазақстан құрамасы ойыншыларының ішінде кімдерді ерекше айтар едіңіз?
- Менің ойымша, Қазақстан құрамасы біз үшін өте ыңғайсыз команда. Олар өте тату, ұйымшыл команда. Мен біреуді бөліп-жара алмаймын, бізге бүкіл командаға қарсы ойнау керек.
Біздің серіктес: FONBET